Жаңалықтар мұрағаты 13.03.2015
қоғам 21:56
Халықаралық ауыр атлетика федерациясыныӊ жүргізген сауалнамасында қазақстандық спортшы үздік шықты. Көпшіліктіӊ таӊдауы Ильинге бұрылғаны түсінікті. Себебі былтыр қызылордалық зілтемірші Алматыдағы әлем біріншілігінде топ жарып, бірнеше әлемдік рекордтарды жаӊартты
государство 21:48
Бүгін ҚР "Табиғат" экологиялық одағыныӊ көшбасшысы Мэлс Елеусізов Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауына қатысу үшін өтініш берді
экономика 21:47
Оӊтүстік Қазақстан облысы Қазақстанныӊ қаӊтар айында еӊ көп көлік тіркеген өӊірі саналады. Аймақ тұрғындары 8 мыӊнан астам көлікті тіркеді. Осы кезеӊде елімізде 63 мыӊнан астам автокөлік тіркелді
государство 21:45
2015 жылғы 1 ақпанда еліміздегі халық саны 17 439,3 мыӊ адамды құрады. Соныӊ ішінде қалалықтар - 9 646,3 мыӊ (55,3 пайыз), ауылдықтар - 7 793,0 мыӊ адамды (44,7 пайызды) құрады. Осылайша, 2014 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 252,3 мыӊ адамға немесе 1,5 пайызға өсіп отыр
экономика 21:44
2015 жылғы қаӊтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеӊмен салыстырғанда 3,9%-ға жоғарылап 857,2 млрд. теӊгеге жетті
государство 21:43
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алдағы Президент сайлауында қолдау көрсететін қалалық штаб құрылды. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалы Төрағасыныӊ бірінші орынбасары Сапар Ахметов арнайы мәлімдеді
экономика 21:41
"Соӊғы 5 жылда ауыл шаруашылығыныӊ жалпы ішкі өнімі 2 есе артты және өткен жылы 2,5 трлн теӊгені құрады", - деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков "Қазақстанныӊ азық-түлік қауіпсіздігі: ауыл шаруашылығы мен агробизнесті дамыту қажеттілгі" атты конференцияда
государство 21:40
Бүгін Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясы атқарушы комитетініӊ кезекті отырысы өз жұмысын бастады, отырыс "Нұр Отан" партиясыныӊ атынан Президент сайлауына ұсынылған үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ кандидатурасын қолдауға арналды
қоғам 19:57
"Қазселқорғау" мәліметінше, 13 наурыз күні сағат 12.00-де "Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік" автожолыныӊ (31,8 және 34,8 км) учаскесінде жалпы көлемі 6300 текше метрді құрайтын жасанды 2 қар көшкіні жүргізілді.
государство 12:20
Астанада 2015 жылғы 13 наурызда алдыӊғы қатарлы халықаралық сарапшылар, мемлекеттік қызмет саласында уәкілетті органдары өкілдерініӊ қатысуымен "Мемлекеттік қызметтіӊ қазақстандық моделі: тәжірибе және перспективалар" атты семинар өткізілді
государство 12:19
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ отырысы болды, онда Қазақстан Республикасыныӊ Президенттігіне кандидат Қанат Сбашұлы Турагелдиевтіӊ Қазақстан Республикасыныӊ Конституциясы мен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заӊында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу және оған өз кандидатурасын қолдап қолдар жинау үшін қол қою парақтарын беру туралы қаулы қабылданды
экономика 12:16
Астанада жүзім бағасы 17%-ға 600-ден 701 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Өнім бағасыныӊ ұлғаюына сатылымда қымбаттырақ импортты сұрыптардыӊ артуы мен көтерме сауда бағаларыныӊ 10%-ға 450-ден 497 теӊге/кг-ға дейін көтерілуі себеп болды.
қоғам 10:18
Алматы полициясы белгілі журналист Илона Екшембаеваныӊ өліміне қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметініӊ жетекшісі Салтанат Әзірбек хабарлады
қоғам 10:17
Қазақстанныӊ солтүстік жартысында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде күн жауын-шашынды, жел күшейіп, бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ болады
қоғам 10:16
Астана қаласында ауа райыныӊ нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) "Астана-Қарағанды", "Астана-Павлодар", "Астана-Қостанай" автожолдарында жүк және жолаушы автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды