Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында жасанды екі қар көшкіні жүргізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
"Қазселқорғау" мәліметінше, 13 наурыз күні сағат 12.00-де "Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік" автожолыныӊ (31,8 және 34,8 км) учаскесінде жалпы көлемі 6300 текше метрді құрайтын жасанды 2 қар көшкіні жүргізілді. Қар көшкіндері жолды жартылай жауып қалды. Сағат 13.00-де автожол толығымен тазартылды, ешқандай зардап келген жоқ, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.
Просмотров: 508
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.