Астана. 20 наурыз. Kazakhstan Today - "Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ ел аймақтары бойынша 2015 жылдыӊ 10-17 наурызы аралығында азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
Қарастырылып отырған уақыт аралығында келесідей баға өсімі байқалды:
- Астанада арпа жармасы 16%-ға 111-ден 129 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Баға өсімі саудада қаптан өлшеніп сатылатын өнім мөлшерініӊ азаюына (мереке алдындағы сұраныстыӊ артуы) байланысты орын алды. Көтерме бағалар 55 теӊге/кг деӊгейінде сақталып қалды;
- Астанада бидай жармасы 13%-ға 136-дан 153 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Өсім сатушылардыӊ көтерме бағаны 18%-ға 55-тен 65 теӊге/кг-ға дейін ұлғайтуымен байланысты;
- Өскеменде пияз бағасы 11%-ға 93-тен 103 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Өнімніӊ қымбаттауына жеткізілім мөлшерініӊ азаюы мен көтерме сауда бағаларыныӊ 11%-ға 83-тен 92 теӊге/кг-ға дейін ұлғаюы себеп болды;
- Мандарин бағасы Алматыда 13%-ға 329-дан 371 теӊге/кг-ға дейін және Ақтөбеде 10%-ға 242-ден 265 теӊге/кг-ға дейін артты. Өнім бағасыныӊ қымбаттауына сатылымда қымбат Марокко мандариндері үлесініӊ артуы әсер етті. Өнімніӊ көтерме сауда бағалары Алматыда 10%-ға 285-тен 314 теӊге/кг-ға дейін, Ақтөбеде 11%-ға 190-нан 210 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады.
Сонымен бірге осы уақыт аралығында келесі өнімдер бағасыныӊ төмендеуі тіркелді:
- Астанада қарақұмық жармасы 10%-ға 256-дан 231 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Саудада қаптан өлшеніп сатылатын арзан өнім мөлшерініӊ артуы баға көрсеткіштерініӊ төмендеуіне әкелді. Көтерме бағалар өзгерген жоқ - 140 теӊге/кг;
- Астанада сұлы жармасы 13%-ға 378-ден 327 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Өнім бағасыныӊ түсуіне көтерме сауда бағаларыныӊ 11%-ға 90-нан 80 теӊге/кг-ға дейін төмендеуі себеп болды;
- Петропавлда ірімшік бағасы 15%-ға 1300-ден 1100 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Ірімшік бағасыныӊ төмендеуіне нарықтыӊ Ресейден әкелінетін өніммен қанығуы және көтерме сауда бағаларыныӊ 21%-ға 1140-тан 900 теӊге/кг-ға дейін арзандауы себеп болды;
- Шымкентте қызанақ бағасы 13%-ға 400-ден 350 теӊге/кг-ға дейін төмендеді. Өнім бағасыныӊ арзандауына сатушылар мен жабдықтаушылардыӊ бағаны төмендетуі және Өзбекстаннан әкелінетін өнім мөлшерініӊ артуы себеп болды. Бір апта ішінде көтерме сауда бағалары 9%-ға 330-дан 300 теӊге/кг-ға дейін төмендеді;
- Шымкентте қияр бағасы 11%-ға 450-ден 400 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Өнімніӊ арзандауына нарықтыӊ қанығуы мен сатушылардыӊ көтерме сауда бағасын 9%-ға 350-ден 320 теӊге/кг-ға дейін төмендетуі себеп болды;
- Астанада тәтті бұрыш бағасы 10%-ға 803-тен 719 теӊге/кг-ға дейін төмендеді. Өнім бағасыныӊ арзандауына сатушылардыӊ көтерме сауда бағасын 11%-ға 675-тен 600 теӊге/кг-ға дейін төмендетуі әсер етті;
- Атырауда банан бағасы 24%-ға 503-тен 380 теӊге/кг-ға дейін төмендеді. Бағаныӊ түсуіне нарықта өнім мөлшерініӊ артуы мен көтерме сауда бағаларыныӊ 33%-ға 477-ден 320 теӊге/кг-ға дейін төмендеуі себеп болды.
Өзге азық-түлік өнімдерініӊ бағасы айтарлықтай (10%-дан артық) өзгерген жоқ. "Қазагромаркетинг" АҚ апта сайын әр сейсенбі күні азық-түлік өнімдерініӊ 66 түрі бойынша еліміздіӊ барлық облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында баға мониторингін өткізеді.
Просмотров: 940
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.