Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
27 мамыр 2015
  • 17
  • :
  • 41
17:00

Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында шыққан өрт ауыздықталды - Алматы ТЖД20.03.2015
Қоғам  19:46
Алматы. 20 наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында шыққан өрт ауыздықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Болған жайтқа оқиға орнында қалалық ТЖД баспасөз қызметініӊ маманы Нұрбек Қожахмет түсініктеме берді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Бүгін қалалық ТЖД-ге түскі сағат 14:11-де өрт туралы хабарлама түсті. Қызыл жалын 450 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан 250 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір өрт ауыздықталды. Жапа шеккендер жоқ. Қазір өрттіӊ неден тұтанғаны анықталу үстінде", - деді баспасөз маманы Н.Қожахметов.

Оныӊ айтуынша, 2015 жылдыӊ 26 қаӊтарында аталған нысан өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау бойынша тексеруден өткен болатын. Тексеру нәтижесінде ғимаратта өрт қауіпсіздігі ережелерініӊ сақталмағанына байланысты шаруашылық істері бойынша проректорға 15 АЕК есебінде айыппұл салынған. Келесі жоспар бойынша тексеріс 2015 жылдыӊ сәуірінде өткізіледі.

Өртті сөндіруге 10 негізгі техника, 12 арнайы техника жұмылдырылып, 70 маман атсалысты.

Оқу орныныӊ студенттерініӊ айтуынша, өрт шыққан мезетте ғимарат алдында киіз үй тұрғызылып, дастархан жайылып, Наурыз мерекесі тойланып жатқан.

"Біз бірінші қабатта отырған едік. Бір уақытта өрт сөндірушілер келіп, тезірек шығуды бұйырды. Ол кезде біз өрт болып жатқанын білмедік. Біз еӊ соӊғы болып шықтық. Ғимаратта заттарымыз, костюмдеріміз қалды. Меніӊ ойымша электр желісініӊ қысқа тұйықталуынан болды. Өрт жоғарғы қабаттан шықты. Онда режиссура факультетініӊ студенттері оқитын. Көп компьютер, электронды техника орналасқан, - деді театр факультетініӊ 4-курс студенті Татьяна Пак.
Просмотров: 1272

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.