Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
27 мамыр 2015
  • 17
  • :
  • 48
17:00

Ұлы Отан соғысы батырларыныӊ жаӊа есімдері белгілі болуда20.03.2015
  • www.topnews.ru
Қоғам  19:33
Астана. 20 наурыз. Kazakhstan Today - 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы тарихыныӊ беттерінде даӊқты офицерлер мен сарбаздарыныӊ есімдері тізіліп жазылды. Сол жылдардыӊ оқиғаларын қайта парақтасақ әр кезде сұрапыл соғыстыӊ жаӊа батырлары анықталып, олардыӊ ортақ жеӊіске алып келген ерен ерліктері мен қаһармандығы мәлім болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұлан ефрейторы Қабдрахман Айтқожинов соғыстыӊ басынан аяғына дейін қатысқан. 1939 жылы әскери қызметке шақырылған ол артиллерия полкініӊ аға радиотелеграфисі болды. Соғыс толық аяқталғанша көптеген жауынгерлік іс-қимылдар мен операцияларға қатысты. 1945 жылы Ұлы Отан соғысында Кеӊес Одағы көптен күткен жеӊіске жеткеннен кейін туған еліне оралды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қабдрахман Айтқожин 10-нан астам қаланы алғаны және неміс құрсауынан Ярославль, Прага сияқты қалаларды азат еткені үшін, Жоғарғы Бас қолбасшы Кеӊес Одағыныӊ маршалы Сталин жолдастыӊ жеке алғысын алған. Мемлекеттік шекараны қорғау кезіндегі ұрыстарда көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін "Ерлігі үшін", "Праганыӊ азат еткені үшін" "ҰОС Германияны жеӊгені үшін", "1941-1945жж. ҰОС Жеӊіске 20 жыл" медалдарына лайықты деп танылған.

1941 жылы біздіӊ жүз мыӊдаған отандастарымыз сұрапыл және қиян-кескі соғысқа араласты. Өз өмірлерін аямай, біздіӊ болашағымыз үшін қайсарлықпен күресті және бейбіт өмірді сақтап қалып, бізге сыйлады.
Просмотров: 1212

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.