Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Олимпиаданыӊ екі дүркін чемпионы Илья Ильин 2014 жылдыӊ үздік ауыр атлеті атанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясыныӊ жүргізген сауалнамасында қазақстандық спортшы үздік шықты. Көпшіліктіӊ таӊдауы Ильинге бұрылғаны түсінікті. Себебі былтыр қызылордалық зілтемірші Алматыдағы әлем біріншілігінде топ жарып, бірнеше әлемдік рекордтарды жаӊартты, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.
105 келі салмақта сынға түскен спортшы жұлқа көтеруде 190 келіні бағындырса, серпе көтеруде 242 келіні көтерді. Төртінші мәрте дүниежүзініӊ чемпионы атанған Илья Ильин әлемдегі жеӊілмеген 8 спортшыныӊ қатарына кірді. Әйелдер арасында Ресейлік атлет Татьяна Каширина үздік шықты
Просмотров: 542
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.