Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
22 сәуір 2015
  • 04
  • :
  • 12
17:00

Байқоӊырдан "Экспресс-АМ7" байланыс спутнигімен "Протон-М" ұшырылды19.03.2015
  • izvestia.ru
Қоғам  09:54
Астана. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Байқоӊырдан ресейлік "Экспресс-АМ7" ресейлік байланыс спутнигімен "Протон-М" зымыран-тасығышы ұшырылды, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне Ресейғарыш өкілі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Протон" есептелген уақытта аттанды. Құрамында "Бриз-М" үдеткіш блогы мен "Экспресс-АМ7" ғарыштық апппапраты бас ғарыштық бөліктерініӊ бөлінуі мәскеу уақытымен 01:14-ке белгіленген, ал спутниктіӊ үдемелі блоктан бөлінуі таӊертеӊ, мәскеу уақытымен 10:18-де болады", деді агенттік сұхбаттасушысы, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Экспресс-АМ7" ғарыш аппаратын еуропалық Airbus DS (бұрынғы EADS Astrium) компаниясы ресейлік "Ғарыштық байланыс" федералдық мемлекеттік кәсіпорны спутниктік байланыс операторы тапсырысымен жасалған.

"Экспресс-АМ7" телерадиохабарларын тарату, кеӊжолақты интернетке қол жеткізу, мәліметтер беру, телефония, жылжымалы байланыс қызметтерін көрсетуге арналған. "Бриз-М" үдеткіш блогы спутникті биіктігі 36 мыӊ шақырымдық геостационарлық орбитаға шығарады.
Просмотров: 508

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.