Астана. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ солтүстік-шығысында және оӊтүстігінде атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде күн жауын-шашынды, жел күшейіп, бұрқасындатады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Ақмола облысында түнде және таӊертеӊ, Оӊтүстік Қазақстан облысында таӊертеӊ және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы облысында Жалаӊашкөл ауданында желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін барады, түнде тұман түседі. Жамбыл, Қызылорда, Маӊғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, түнде және таӊертеӊ Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, таӊертеӊ және күндіз 18 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, бұрқасындатады. Павлодар облысында кей жерлерде жел соғып, түнде көктайғақ болады.
Просмотров: 688
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.