Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
22 сәуір 2015
  • 04
  • :
  • 13
17:00

"Астана Опера" сахнасында бірегей камералық дуэт өнер көрсетеді17.03.2015
Қоғам  22:14
Астана. 17 наурыз. Kazakhstan Today - Жұлдызды дуэт Ермек Құрманаев (виолончель) пен Арман Тілеубергенов (фортепиано) елордалық тыӊдарман алдында 19 наурызда "Астана Опера" театрыныӊ Камералық залында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстанныӊ алтын виолончелі" атанған Ермек Құрманаев пен аты Қазақстаннан да шалғай тараған елеміздіӊ асқан шебер пианиношысы Арман Тілеубергенов жарқыраған дуэт құрып, өздерініӊ Астанадағы концерттерін өткізеді. Музыканттардыӊ шеберлігіне түрлі жылдары Франция, Италия, Алмания, Ресей, Түркия, Венгрия, Чехия, Австрия, Испания және Португалия елдерінде көрермен тарапынан жоғары баға берілді. Аталған орындаушылардыӊ қатысуымен өткен концерттер "Mezzo" (Франция) және "Культура" (Ресей) сияқты әлемніӊ үздік телеарналары, сонымен қатар отандық - "Хабар", "Қазақстан", "Білім және мәдениет", "Сaspionet" арналары арқылы көрсетілді.

Жыл басы - Наурыз мерекесі қарсаӊында музыканттар елорда тұрғындары мен қонақтарына И.С. Бах, Ф. Шуберт және Р. Шуманныӊ шығармаларынан ұсынылатын тамаша бағдарлама әзірледі.

Аталған дуэттіӊ шығармашылық жолында зор табысқа бөленгеніне 10 жылдан асты, соған қарамастан олардыӊ әрқайсысы отандық мәдениет саласында орны ерекше тұлға.

Баспасөз өкілдері Ермек Құрманаевты "Қазақстанныӊ бірінші виолончелі" атағанына біраз болды, журналисттердіӊ оған берген тағы бір бағасы - ол түрлі дәуірлер мен түрлі стильдерді асқан шеберлікпен қиыстырып, бірегей сазды материалды тамаша орындап шығады. "Ермек Құрманаевтыӊ өте дарынды музыкант, асқан шебер техника иесі екені даусыз, адам нанғысыз күрделі композиторлық тапсырманы мүлтіксіз орындағанынан өзі рақаттанатыны көрініп тұр". (Константин Кешин, "Казахстанская правда", 2009 жыл).

- Шығармашылық байланысты және тыӊдарманмен сезіміӊді бөлісетін сәтті күту - қашанда көӊіл толқытады. Әр орындаудыӊ өзіндік ерекшелігі бар, әрбір орындаушы өзіндік қолтаӊбасын жеткізеді, сол себепті меніӊ ойымша, бір әртістіӊ өзі бір ойнағанын дәл солай екінші рет қайталамайды. Сондықтан мен 19 наурыздағы концертімізді тамашалуға келетін тыӊдарманға, ұлы композиторлардыӊ туындыларымен кездесулеріӊіз сәтті өтсін деп тілеймін.

"Әуесқой да, қайсарлы асқан шебер", "көркем тереӊдіктіӊ нағыз өзі" - тіс қаққан журналисттер пианиношы Арман Тілеубергеновті осылай атады. Алайда көптеген кәсіпқойлар атап өткендей, музыканттыӊ басты ерекшелігі - оныӊ әмбебаптығы, яғни ол: жарқыраған солист, ансамбльде сенімді әріптес, сезімтал концертмейстер.

- Бұл концерт - мен үшін "Астана Опера" сахнасында бірінші рет өтетін шара емес. Маған Астанада ойнаған өте ұнайды, неге десеӊіз, ондағы көрермен жылы жүзді және тілектес келеді. Әрине, мұндай сәні мен салтанаты жарасқан керемет театрда өнер көрсету мен үшін құрмет және көӊілде шамалы қобалжу да бар. Бұл биік сахнада бұған дейін өнер көрсеткеніме қарап, театрдыӊ аурасы әртісті ерекше күйге бөлеп, барын салып ойнауға талпындырады деп айта аламын. Мен Астананы жақсы көремін және "Астана Опера" театрында өтетін концерт қаламен, оныӊ тұрғындарымен шүйіркелесуге тағы бір мүмкіндік береді. Әдетте біздіӊ шығарманы қалай жеткізетініміз нақты бір әдіс-тәсілге байланысты емес, сонымен қатар ол бір қарағанда екінші орында тұратын көптеген себеп-салдармен анықталады.

Арман Тілеубергенов аталған концерт Наурыз мерекесі қарсаӊында тыӊдарманға көтеріӊкі көӊіл-күй сыйлайды деп үміттенеді.
Просмотров: 713

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.