Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
22 сәуір 2015
  • 04
  • :
  • 13
17:00

Бұқтырма су қоймасындағы төтенше жағдайға қатысты жаӊа мәліметтер белгілі болды18.03.2015
  • uralpolit.ru
Қоғам  20:17
Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - ТЖ қызметінен Бұқтырма су қоймасында мұз астына түсіп кеткен көліктіӊ ішінде отырған геологтыӊ қаза болу оқиғасына қатысты жаӊа мәліметтерді хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Нива" көлігі жылдыӊ бүкіл мезгілдерінде жылы су ағатын аймаққа кіріп кеткен. Ондағы мұз жұқа әрі ауыр салмақты көтере алмайды, деп хабарлады ТЖ департаментініӊ суда құтқару қызметініӊ мамандары.

Су қоймасыныӊ осы учаскесінде қауіпсіздік туралы қажетті ескертудіӊ болғаны немесе болмағаны туралы хабарланбады.

Құтқару жұмыстарына жергілікті балықшылар мен Қатон-Қарағай АІІБ-ніӊ қызметкерлері жұмылдырылған.

Естеріӊізге сала кетейік, 17 наурыз күні сағат 12-де Бұқтырма су қоймасында геофизикалық жұмыстарды жүргізу кезінде ішінде 4 жолаушы отырған "Нива" көлігі мұздыӊ астына түсіп кетті. Адамдардыӊ үшеуі аман қалған. "Геокен" ғылыми-өндірістік орталығында геолог болып жұмыс істеген 1992 жылғы ер адам суға батып кетті.
Просмотров: 725

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.