Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
20 наурыз 2015
  • 09
  • :
  • 33
17:00

Қазақстанда халық саны 17 млн. 439,3 мыӊ адамға жетті13.03.2015
  • berlek-nkp.com
Государство  21:45
Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 1 ақпанда еліміздегі халық саны 17 439,3 мыӊ адамды құрады. Соныӊ ішінде қалалықтар - 9 646,3 мыӊ (55,3 пайыз), ауылдықтар - 7 793,0 мыӊ адамды (44,7 пайызды) құрады. Осылайша, 2014 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 252,3 мыӊ адамға немесе 1,5 пайызға өсіп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетініӊ баспасөз қызметінен хабарланғанындай, 2015 жылы қаӊтарда туылғандар саны 33,4 мыӊ адамды құрап, 2014 жылғы қаӊтарға қарағанда 0,9 пайызға кеміген. Бұнда жалпы коэффициент 1000 адамға 22,44 тууды құрады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қарастырылып отырған кезеӊде қайтыс болғандар саны 11,7 мыӊ адамды құрап, 2014 жылғы қаӊтарға қарағанда 0,5 мыӊ адамға немесе 4,1 пайызға азайған. Өлім-жітімніӊ жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,89 қайтыс болғандарды құрады.

"2015 жылғы қаӊтарда республика халқыныӊ табиғи өсімі былтырғы жылмен салыстырғанда 0,2 мыӊ адамға немесе 1 пайызға артып, 21,7 мыӊ адамды құрады. Табиғи өсімніӊ жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,55 адамды құрады", - делінген баспасөз баянында.

Сонымен қатар, көші-қон полициясы органдары ұсынған мәліметтерді өӊдеу нәтижесінде, 2015 жылғы қаӊтарда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердіӊ тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2014 жылғы қаӊтармен салыстырғанда 2,5 пайызға өсіп, 1 730 адамды құраған. Елімізден кеткендердіӊ тіркелу саны 12,2 пайызға көбейіп, 1 589 адамға жетті, бұл ретте, көші-қонныӊ айырымы 141 адам болған.

"Есепті кезеӊде ел ішінде көшіп-қонушылар саны 13 804 адамға немесе 49,3 пайызға көбейіп, 41 796 адамды құрады. Өӊіраралық көшіп-қонушылардыӊ үлесіне еліміздіӊ жалпы ішкі көшіп-қонушылар саныныӊ 40,4 пайызы тиесілі. Өӊіраралық көші-қонныӊ оӊ айырымы Алматы (2 690 адам), Астана (473 адам) қалаларында және Ақмола (124 адам), Маӊғыстау (78 адам), Ақтөбе (11 адам) облыстарында қалыптасты", - делінген баспасөз баянында.
Просмотров: 767

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.