Астана. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Наурыз мейрамы - Шығыста жылдыӊ басы болып саналатын ұлы мереке. Ұлыстыӊ ұлы күні әрқашан айрықша тойланады. Қазақстан халқы үшін Наурыз - достық, ынтымақтастық, бейбітшілік пен татулықтыӊ нышана айналған ұлық мереке, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
ҚР Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері көктемніӊ басты шырайлы мерекесін өткізуге дайындалуда. Барлық әскери бөлімдерде дәстүрлі түрде мәдени-ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады, салтанатты жасаумен киіз үйлер тұрғызылып, мол дастарқан жайылып, түрлі спорттық жарыстар мен ұлттық салт-дәстүр тақырыбында сайыстар өткізіледі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.
"Оӊтүстік" ӨӊҚ әскери қызметшілері Наурыз мейрамына алғашқылардыӊ қатарында дайындық жұмыстарына кірісті. Олар жергілікті тұрғындармен бірлесіп алтыбақан, сәнді ақ киіз үйлерімен қазақтыӊ нағыз ұлттық ауылын тұрғызды. Офицерлер мен сарбаздар қыз қуу, теӊге алу, арқан тарту сияқты ұлттық ойындарға қатысса, апа-әжелеріміз ұлтымыздыӊ дәстүрлі Наурыз көжесін әзірледі.
Көктем мерекесіне Қазақстандағы жалғыз тау-қорығы ротасыныӊ әскери қызметшілері қатысты. Олар әскери техника өте алмайтын шиеленісті таулы жерлерде жеке құрамды тасымалдауға арналған аттардыӊ үстінде шабандоздық пен айла-шарғылы элементтерін көрсетті.
Просмотров: 764
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.