Астана. 19 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығыныӊ қызметкерлері "Ислам мемлекеті" лаӊкестік ұйымымен байлынысы бар деген күдікпен АҚШ билік өкілдерімен ү. ж. ақпан соӊында ұсталған Қазақстан азаматы А. Сейдахметовпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
Кездесу барысында А. Сейдахметов денсаулығы мен түрмедегі жағдайына қатысты шағым айтқан жоқ, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.
АҚШ Федералды соты оған тәжірибелі адвокат А. Перлматтерді тағайындады. Оныӊ сөзі бойынша, келесі аптада сот айыптау актісін іске қабылдауы орын алуы мүмкін.
ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл мәселені бақылауында ұстап отыр.
Просмотров: 737
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.