Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
14 мамыр 2015
  • 08
  • :
  • 46
17:00

Мәскеуде Қазақстандағы сайлауға қатысты арнайы брифинг өткізілді19.03.2015
Государство  19:15
Астана. 19 наурыз. Kazakhstan Today - 17 наурызда Мәсукеуде Қазақстанныӊ Ресейдегі Елшілігініӊ баспасөз-орталығында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған 2015 жылы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі брифинг өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Брифинг барысында Қазақстанныӊ Ресейдегі Елшілігініӊ Кеӊесші-Уәкілі Ерлан Байжанов журналистерді шет елдік БАҚ-тарын тіркеуден өткізу рәсімімен таныстырып өтті, сайлауды ұйымдастыру және өткізу ҚР ұлттық заӊнамасыныӊ негізгі ережелерін түсіндіріп жеткізді, сондай-ақ сайлау кампаниясыныӊ және оны байқап отырудыӊ кейбір ұйымдастырушылық мәселелерін айтып берді, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

ҚР Елшілігі өкілініӊ айтуы бойынша, Қазақстан тарапы саулау үдерісін жоғарғы демократиялық стандарттарына сай өткізуін қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасайтын болады.

- Қазақстанда өткізілетін сайлаулар әрқашан да халықаралық қоғамныӊ қызығушылығын туғызатын. Біз халықаралық байқаушылардыӊ белсенді қатысуын күтудеміз. Шақырулар Ресей аумағында кеӊселері орналасқан халықаралық ұйымдарға, яғни ТМД Парламентаралық ассамблеясына және ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясына жолданған болатын. Әзірше, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы / БДИПЧ атынан шамасында 450 сандағы байқаушылар сайлау үдерісін байқайды деп жоспарлануда. Пікіріміз бойынша, ТМД атынан да осы санға теӊ байқаушылар саны қатысады.

Е.Байжанов белгілі ресейлік БАҚ-тарын сайлау күні дауыс беру барысын ақпараттық сүйемелдеуге белсенді қатысуға шақырды. Оныӊ мәліметіне сәйкес, 27 ақпаннан бастап 20 сәуірге дейін шет елдік тілшілерді тіркеуден өткізу рәсімі ашық болады.

ҚР Орталық сайлау комиссиясыныӊ жанында сайлауды әзірлеу және ұйымдастыру кезеӊі бойы қызмет атқаратын Баспасөз-орталығы ашылды. Онда байқаушылар және шет елдік журналистер оларды қызықтырған ақпаратпен таныса алады, ҚР БАҚ өкілдермен кездесе алады және компъютерлік жабдықтар мен ғаламтор байланысымен пайдалана алады. Бұдан басқа, аймақтық орталықтарда, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында халықаралық байқаушылар мен шет елдік БАҚ өкілдеріне жәрдем ететін тиісті ақпараттық орталықтар ашылмақ.

Е. Байжанов, 16 наурызда кандидаттарды тіркеу рәсімі басталғанын және ол 26 наурызға дейін жүргізілетінін еске сала кетті. Насихат жүргізу кампаниясы 26 наурыздан бастап 24 сәуірге дейін өтетін болады. Сайлауға бір күн қалғанда - 25 сәуір үнсіз күні деп жарияланады.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат 2015 жылғы 26 сәуірде еліміздіӊ азаматтары Ресей Федерациясыныӊ аумағында дауыс беру тәртібі мен рәсімдерін айтып берді. Сайлауды өткізу күні Мәскеудегі Қазақстан Елшілігі ғимаратында және ҚР Санкт-Петербор, Қазан, Астрахан, Омбы қалаларында жұмыс істейтін саулау учаскелері ашылады. Ресей Федерациясында болған Қазақстан Республикасыныӊ азаматтары сол учаскелерде өз дауыстарын беріп, сайлауға қатыса алады.

- Қазақстан азаматтары паспортты немесе жеке басын куәландыратын құжатты міндетті түрде көрсетіп, осы учаскелер арқылы өз дауыстарын бере алады, - деді Е. Байжанов.
Просмотров: 716

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.