Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Астанада 2015 жылғы 13 наурызда алдыӊғы қатарлы халықаралық сарапшылар, мемлекеттік қызмет саласында уәкілетті органдары өкілдерініӊ қатысуымен "Мемлекеттік қызметтіӊ қазақстандық моделі: тәжірибе және перспективалар" атты семинар өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
Семинар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен Астана қаласындағы Мемлекеттік қызмет саласындағы Аумақтық хабдыӊ жәрдемдесуімен ұйымдастырылды.
Өз сөз сөйлеуінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасыныӊ орынбасары Саян Ахметжанов "Нұр Отан" партиясыныӊ XVI съезінде Президент экономикалық бағдарламаларды сапалы іске асыру мен мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ететін заманауи, кәсіби және дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды және алдыӊғы қатарлы институциялық реформаны белгілегеніне аса назар аударды.
С. Ахметжанов Агенттіктіӊ саясаты мемлекеттік аппараттыӊ меритократия қағидасы негізінде кәсібилендіруге және елдіӊ тұрақты өсуі және тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін таланттарды басқаруға бағытталғанын атап өтті.
Семинар барысында Мемлекеттік қызмет саласындағы Аумақтық хабдыӊ басқару комитетініӊ төрағасы Әлихан Бәйменов, ассоцияцияланған профессор Рэкс Фэйсер (АҚШ), CIVICA Asia-Pacisic бас менеджері Суквиндер Сингх Чопра (Сингапур), "Персоналды басқару" Ұлттық кеӊестіӊ бас директоры Александр Турчинов (Ресей), Еуроодақ жобасыныӊ сарапшысы Максимилиан Федингер (Австрия) және т.б. қатысты.
Кездесудіӊ қорытындысы бойынша сарапшылар мемлекеттік қызметті реформалаудыӊ әлімдік тенденцияларға сай келетін Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік қызмет жүйесін дамытудыӊ жоғары динамикасын атап өтті.
Просмотров: 458
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.