Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР "Табиғат" экологиялық одағыныӊ көшбасшысы Мэлс Елеусізов Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауына қатысу үшін өтініш берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясынан.
"Құжаттарды тапсырдым. Ол қиын мәселе емес қой. Лингвистикалық комиссиядан өту күрделірек бұған қарағанда. Мен өз кандидатурамды өзім ұсынып отырмын. Емтиханды қашан тапсыратынымды 18-і күні белгілі болуы тиіс", - деді журналистерге берген сұхбатында М.Елеусізов, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.
Естеріӊізге сала кетейік, Мэлс Хамзаұлы 1950 жылы 20 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. 1975-1981 жылдары Қазақ Ұлттық Университетініӊ заӊ факультетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша білім алған. 1982-1984 жылдары "Зергер" өндірістік бірлестігінде бас директордыӊ орынбасары.
1984-1985 жж. Орта Азия әскери округы әскери совхозыныӊ бас инженері, ал 1985-1989 жж. "Казгипроводхоз" институты директорыныӊ орынбасары болып қызмет еткен. 1991 жылдан "Табиғат" эко-одағыныӊ төрағасы.
80-жылдардыӊ аяғынан бастап "Невада - Семей" қозғалысыныӊ құрамында болған. Үйленген, 4 баланыӊ әкесі.
Айта кетейік, осымен ҚР президенттігіне үміткерлердіӊ саны 23 адамға жетіп отыр. Оныӊ екеуі әйел. Орталық сайлау комиссиясы 9 кандидатты тіркеуден бас тартты. Алтауы лингвистикалық комиссия сынағын тапсыра алмады, ал сынақтан өткен 4 кандидат бүгінде қолдау қолын жинауға кірісіп кетті.
Просмотров: 748
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.