Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
19 сәуір 2015
  • 25
  • :
  • 26
17:00

ҚР Президенттігіне үміткер Х.Қожа-Ахметке қолдар жинау үшін қол қою парақтары берілді - ҚР ОСК18.03.2015
Государство  20:16
Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - 18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ отырысы болды, онда Хасен Кәрімжанұлы Қожа-Ахметтіӊ ҚР Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заӊында ҚР Президенттігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу және оған кандидатурасын қолдап қолдар жинау үшін қол қою парақтарын беру туралы қаулы қабылданды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
Президенттікке кандидатты қолдап қолдар жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады. Қолдарды жинайтын топтардыӊ саны мен құрамына шек қойылмайды.
«Президенттікке кандидатты қолдап толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссияларына тапсырылады, олар бес күн мерзім ішінде паспорт қызметініӊ қызметкерлерін қатыстыра отырып қойылған қолдардыӊ растығын тексеруді жүзеге асырады, тиісті хаттаманы ресімдейді және оны Орталық сайлау комиссиясына жолдайды», - делінген хабарламада.
Просмотров: 626

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.