Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 сәуір 2015
  • 04
  • :
  • 42
17:00

Қытайдыӊ әскери қызметшілері танк биатлонынан тәжірибе алу үшін Қазақстанға келеді19.03.2015
Государство  09:50
Астана. 19 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Қарулы Күштері өкілдерініӊ екіжақты кездесуі болып өтті. Кездесу барысында екі елдіӊ әскерилері "Танк биатлоны-2015" халықаралық чемпионатына даярлық аясында танк экипаждарын бірлесіп жаттықтыруды талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Үстіміздегі жылы Қазақстан аумағында ҚХР Қарулы Күштерініӊ 4 танк экипажы арнайы даярлықтан өтсе, маусым айында қазақстандық әскерлер Қытай аумағында дайындықтан өтеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Екі елдіӊ өкілдері танк экипаждарын даярлау мәселесінде біржақты шешімге келді. Атап айтқанда, осы жаттығулар шеӊберінде Қытай Халық Республикасыныӊ Қарулы Күштеріне дайындық әдісмен танысуға мүмкіндік туып отыр.

Қазақстан және Қытай экипаждарыныӊ қатысуымен өтетін осыған ұқсас жаттығулар Үндістандада өтеді. Бұлорайдамамыр айында Қазақстанға Үндістанныӊ әскериөкілдері келеді деп жоспарлануда.

Алғаш рет танк биатлоны бойынша халықаралық жарыс 2013 жылы Мәскеу маӊындағы Алабино полигонында өткенін атап өткен жөн. Жарысқа Ресей, Армения, Белорусь және Қазақстанныӊ танк экипаждары қатысты. Қазақтанныӊ әскери қызметшілерінен құралған команда осы сайыста екінші орынға ие болды, 2014 жылы да біздіӊ экипаж екінші орын алды. Қазақстан жауынгерлерініӊ танк биатлоны саласында жеткен жоғарғы жетістіктері мен жүлделері ҚХР мен Үндістанныӊ әскери қызметшілерін ҚР Қарулы Күштерінен тәжірибе алудағы ынтасын арттырып отыр.
Просмотров: 672

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.