Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Армения, Белорусь және Тәжікстан елдері қорғаныс ведомстволарыныӊ өкілдері Мәскеу қаласындағы ҰҚШҰ-ныӊ Біріккен штабында бас қосты. Онда алда өтетін "Мызғымас бауырластық - 2015" және "Өзара іс - қимыл - 2015" бірлескен оқу-жаттығуларына дайындық және өткізу жұмыстары жөніндегі мәселелер талқыланды. Қазақстанныӊ атынан келіссөздер жүргізуге ҚР ҚК Бас штабы бастығыныӊ орынбасары генерал-майор Әлімов қатысуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
Аталмыш оқу-жаттығу Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында алты елдіӊ өзара ықпалдастығы үшін маӊызды болып саналады. Оқу-жаттығу барысында бүгінгі армияныӊ шынайы мүмкіндіктері көрініп, әскери қызметшілер құнды озық тәжірибеге ие болады. Сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жауынгерлік даярлықты нығайтады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Биыл Ресей мен Армения аумағында ауқымды оқу-жаттығуды өткізу жоспарланып отыр. Былтырғы жылы "Өзара іс - қимыл - 2014" іс-шарасы Қазақстанныӊ "Спасск" полигонында өтті. Оқу-жаттығуға 3000-нан аса әскери қызметші, 800 арнайы және ұрыс техникасы, 30 ұшақ пен тікұшақ тартылды. Ал "Мызғымас бауырластық - 2014" оқу-жаттығуы Қырғызстанныӊ "Ала-Тоо" полигонында өткізілген болатын.
Просмотров: 493
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.