Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 18 наурызда Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновты Қазақстан Республикасыныӊ Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі жөнінде Орталық сайлау комиссиясыныӊ отырысы болды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
Аталғандай, орталық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заӊыныӊ 59-бабы 6-тармағына сәйкес мынадай құжаттар ұсынылды:
1.Ә.Қ. Құсайыновтыӊ Қазақстан Республикасыныӊ Президенттігіне кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы өтініші;
2.Ә. Қ. Құсайыновтыӊ өмірбаяндық деректері;
3.Ә. Қ. Құсайыновты қолдап жиналған азаматтардыӊ қолдарын тексеру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларыныӊ хаттамалары;
кандидат пен оныӊ зайыбыныӊ табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органыныӊ анықтамасы; кандидаттыӊ сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заӊныӊ 56-бабы 2-тармағына сәйкес Президенттiкке кандидатты Республика облыстарыныӊ, республикалық маӊызы бар қаласыныӊ және астанасыныӊ кемінде үштен екiсiнiӊ атынан теӊдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардыӊ жалпы саныныӊ кемінде бiр пайызы қолдауға тиiс. Ә.Қ. Құсайыновтыӊ кандидатурасын қолдап сайлаушылардыӊ 132 152 рас қолы жиналды.
Ұсынылған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновты Қазақстан Республикасыныӊ Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады.
Просмотров: 617
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.