Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
19 наурыз 2015
  • 13
  • :
  • 59
17:00

ҚР Кәсіподақтар одағы Н.Назарбаевтыӊ кандидатурасын қолдайды13.03.2015
Государство  21:40
Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясы атқарушы комитетініӊ кезекті отырысы өз жұмысын бастады, отырыс "Нұр Отан" партиясыныӊ атынан Президент сайлауына ұсынылған үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ кандидатурасын қолдауға арналды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атқарушы комитет мүшелері ел Президентініӊ кәсіподақ қозғалысыныӊ қалыптасуы мен дамуында алатын рөліне тоқталып, Елбасыныӊ жүргізіп жатқан салиқалы саясатыныӊ арқасында еӊбек адамы мемлекеттіӊ басты діӊгегіне айналғанын атап өтті, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Мемлекет басшысыныӊ Қазақстан халқына арнаған барлық Жолдауы, стратегиялық құжаттар мен мемлекеттік бағдарламалар елдіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына, еӊбек адамы мәртебесініӊ артуына, әлеуметтік-еӊбек қатынастарыныӊ жетілдірілуіне, жұмыссыздықтыӊ азаюына, азаматтық қоғам құруда қоғамдық бірлестіктер мен кәсіподақтардыӊ рөлін арттыруға бағытталған.

Осыған байланысты атқарушы комитет мүшелері алдағы сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ кандидатурасын қолдау туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасыныӊ кәсіподақтар федерациясы қоғамныӊ жасампаз күші ретінде әлеуметтік-еӊбек қатынастары саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға өз ықпалын тигізеді, жалдамалы жұмысшылардыӊ әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауды ұйымдастыруда көп жоспарлы жұмыс жүргізеді және Демократиялық күштердіӊ жалпыұлттық коалициясыныӊ мүшесі ретінде елдіӊ қоғамдық-саяси өміріне қатысады.
Просмотров: 349

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.