Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
19 наурыз 2015
  • 14
  • :
  • 32
17:00

Президенттікке кандидат Н.Назарбаевтыӊ сайлаудағы штабын М.Құл-Мұхаммед басқарады13.03.2015
  • akorda.kz
Государство  21:43
Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алдағы Президент сайлауында қолдау көрсететін қалалық штаб құрылды. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалы Төрағасыныӊ бірінші орынбасары Сапар Ахметов арнайы мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алдағы сайлауда Мемлекет Басшысына қолдау көрсету мақсатында Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед жетекшілік ететін Республикалық штаб және еліміздіӊ барлық аймақтарында, соныӊ ішінде елордамыз Астана қаласында қоғамдық штаб құрылды, деп хабарлады strategy2050.kz сайты.

"Мен Астана қалалық қоғамдық штабтыӊ жетекшісі болып тағайындалдым. Сондай-ақ Президенттікке үміткер, Елбасыныӊ сенімді өкілі болып бекітілдім. Бұл мен үшін абыройлы міндет, жауапкершілігі жоғары қызмет- деп мәлімдеді Астана қалалық қоғамдық штабыныӊ жетекшісі Сапар Қайратұлы Ахметов.

Қалалық штаб Тәуелсіздік көшесі 3, "Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалыныӊ ғимаратында орналасқан. Штаб құрамында қаламызға белгілі қоғам қайраткерлері, партия мүшелері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйым өкілдері қарастырылған.

"Штаб құрамында қаламызға белгілі қоғам қайраткерлері, партия мүшелері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйым өкілдері қарастырылған", - деді ол.

Штаб жұмысыныӊ негізгі міндеті Президенттікке кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлау кампаниясына жан-жақты қолдау жасау, үміткердіӊ сайлауалды бағдарламасын халық арасында кеӊінен насихаттау.

Қалалық штабтыӊ құрамына ұйымдастыру, үгіт-насихат жүргізу, заӊнамалық, сараптамалық қызмет және ақпараттық қамтамасыз ету топтары енеді. Сонымен қоса, Президенттікке кандидаттыӊ қоғамдық қабылдау бөлімі және баспасөз қызметі жұмыс істейді", - деп айта кетті.

Желілік кесте бойынша еӊбек ұжымдары мен тұрғын үй аулаларында, ірі ұйымдарда, кәсіпорындарда кездесулер, жастар қатысуымен флешмобтар және пікірсайыстар өткізу жоспарланған. Жұмыс барысында жаӊа ақпараттық технологиялар және әлеуметтік желілерге басымдық беріледі.
Просмотров: 579

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.