Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
3 қыркүйек 2013
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
Пресс конференция
11:00
посвященная мероприятиям по случаю празднования Дня города.
Aнонс

"Локомотив" футболдан Қазақстан кубогының иегері атанды15.11.2010
14:52
Астана. 15 - қараша. Kazakhstan Today - Кеше "Астана Арена" стадионында өткен финалдық матчта "Локомотив" Қарағандының "Шахтер" командасын 1:0 есебімен ұтты., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Футбол федерациясына сілтеме жасай отырып.

Елордалықтарға жеңіс сыйлаған, матчтың 35-минутында соғылған голдың авторы - Михаил Рожков. Осылайша "Локомотив" бұған дейін елорданың намысын қорғаған ізашарлары - "Жеңіс" және "Астана" клубтарының чемпиондық атақтарын және жеңіп алған кубоктарын есепке алмағанда, бірінші рет Қазақстан кубогының иегері атанып отыр. Ал "Шахтер" болса, қатарынан екінші жыл финалда ұтылып қалды.

Айта кетейік, жартылай финалда "Локомотив" қос кездесудің нәтижесі бойынша Талдықорғанның "Жетісу" командасын, ал "Шахтер" Шымкенттің "Ордабасы" клубын жеңген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 2478

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.