Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
22 сәуір 2015
  • 04
  • :
  • 06
17:00

Жерлесіміз дзю-додан әлем чемпионы атанды09.08.2013
Спорт  16:06
Алматы. 9-тамыз. Kazakhstan Today - Жастар арасындағы әлем біріншілігінде Бауыржан Жауынтаев алтын медаль тақты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қазақстан дзю-до қауымдастығына сілтеме жасай отырып.

Дзюдошы Бауыржан Жауынтаев 55 келіге дейінгі салмақта дзю-додан әлем чемпионы атанды. Бұрын бұл спорт түрінен қазақ жастары әлемдік чемпионаттың алтынын алмаған екен.

Біріншілікте Қанат Сейілхан 50 келі салмақта жетінші орын, Адия Сайын 40 келіге дейін салмақта бесінші орынға тұрақтаған.

Жастар арасында дэю-додан әлем біріншілігі АҚШ-тың Майами қаласында 8-11 тамыз аралығында өтуде. Чемпионатқа 79 елден 532 спортшы қатысуда.

Бүгін 48-52 келі салмақта қыздар, 60-66 келі салмақта жасөспірімдер күш сынасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 29239

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.