Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
2 қыркүйек 2013
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
Қарағанды облысында жол апатынан 2 адам мерт болды05.08.2013
17:05
Қарағанды. 5-тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында жол апатынан 2 адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды облысында Қарқаралы-Қарағанды жолында екі жеңіл көліктің соқтығысуынан екі адам қаза тапты, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Полицияның берген мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы 4 тамыз күні Қарқаралы ауданында Қарқаралы-Қарағанды жолында, Көктас ауылынан 10 шақырым жерде орын алған.

"49 жастағы "Ауди-А6" көлігінің жүргізушісі, Қарағанды қаласының тұрғыны қарсы жолға шығып кетіп, 29 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны басқарып келе жатқан "Мерседес Бенц Е 230" көлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан алған жарақаттардан "Ауди-А6" жолаушылары: жүргізушінің 43 жастағы әйелі мен 25 жастағы қызы қаза болды", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Мерседес көлігінің үш жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Екі көліктің жүргізушісіне де медициналық көмек көрсетілді.

"ҚР ҚК 296-бабы 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 49

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.