Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
1 қыркүйек 2013
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
Бас прокуратура Әбіләзовті экстрадициялау туралы Франция сотына өтініш жолдады06.08.2013
10:32
Астана. 6-тамыз. Kazakhstan Today - Бас прокуратура Әбіләзовті экстрадициялау туралы Франция сотына өтініш жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Бас прокуратурада өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

Ресми өкілдің айтуынша, Қазақстанның құқық қорғау органдарымен БТА банктің 5 млрд-тан астам АҚШ доллары сомасындағы қаражатын ұрлаған және қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастырған ұйымдасқан қылмыстық топ құрып және басқару фактілері бойынша қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Салымшылардың, қазақстандық және халықаралық несие берушілердің қаражаттары инвестицияланған жүйе құрушы банк активтерін ұрлау М.Әбіләзовке айып тағуға негіз болды және оған 2009 жылы 6 наурызда халықаралық іздеу жарияланды.

Сонымен қатар, Әбіләзов Ресей мен Украинаның құқық қорғау органдарымен іздестірілуде.

"Былтырғы жылдың ақпан айында Ұлыбританиядағы Лондон Жоғарғы сотын құрметтемегендігі үшін Әбіләзовке 22 ай мерзімге түрмеге қамау түріндегі жаза тағайындалды. Алайда ол ағылшын сот төрелігінен жалтарып кетті. Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде Интерпол Әбіләзовтің Франция аумағында ұсталғанын хабарлады. Ал 1 тамызда Экс-ан-Прованс қаласының сотымен Францияның қылмыстық-процессуалдық заңнамасына сәйкес, Әбіләзовтің 40 тәулікке дейін қамауда ұсталуы санкцияланды. Осыған орай, экстрадициямен байланысты барлық рәсімдер аяқталғанша Әбіләзов Люин қаласының түрмесінде болады. Ал 2 тамызда ҚР Бас прокуратурасы Әбіләзовті экстрадициялау туралы өтініш жолдады", - деді Н.Сүйіндіков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 68

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.