Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
3 қыркүйек 2013
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
Пресс конференция
11:40
посвященная проведению третьего этапа кубка Казахстана по дрифту в евразийской дрифт-серии.
Aнонс

ҚР Велоспорт федерациясының президенті лауазымына Александр Винокуров ұсынылуда07.06.2011
15:00
Алматы. 7 - маусым. Kazakhstan Today - ҚР Велоспорт федерациясының президенті лауазымына Александр Винокуров ұсынылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ҚР Велоспорт федерациясының президенті, экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов федерация басшысы лауазымынан кетуді ұйғарған. Бұл туралы ол "Время" газетіне берген сұхбатында хабарлады.

"Осы жылы команда құрамасының жарысқа қатысуына, сондай-ақ бұқаралық велоспортты дамытуға $1 млн-ға тарта қаржы бөлінді, ал "Астана" бюджеті, өздеріңіз білетіндей, 2010 жылдан бастап тұрақтанды: жылына 15 млн. еуро. Бұл дегеніңіз, менің дағдарысқа қарсы менеджер ретінде міндетімнің біздің велоспортта аяқталғанын білдіреді", - деді Қ.Келімбетов.

"Қарашада, Велоспорт федерациясының президенті сайлауы белгіленген кезде, мен бұл қызметтен кетуді ұйғардым. Мұндай шешім қабылдауымның тағы бір себебі: шенеуніктер ұлттық спорт федерацияларына басшылық етпеуі тиіс", - деп толықтырды ол.

Оның сөзіне қарағанда, "Астана" велокомандасы әлемдік велоспорттан шамамен футболдағы "Барселона" сияқты орын алуы үшін тәулігіне 24 сағат жұмыс істеу керек.

"Менің уақытым жетпейді! Спортты тұрақты түрде өз ісінің шебері дамытып отыруы керек", - деп атап өтті Қ. Келімбетов.

Одан бөлек, ол федерация басшысы лауазымына осы маусымда спорттық мансабымен қош айтысқалы отырған Александр Винокуров келетінін мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 1933

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.