Алматы. 3 - ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстандық хоккейшілер қырғыз ағайындарын ойсырата жеңді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Медеуде допты хоккейден Қазақстан мен Қырғызстан құрамаларының арасындағы кездесу аяқталған. Сайыс қорытындысы бойынша 21:0 есебімен жерлестеріміз жеңіске жетті.
Айта кетерлігі қос құрама ойыны тұман мен қардың салдарынан аса қолайсыз жағдайда өткен. Ойын басталар алдында кездесуді кейінге шегеру мәселесі де талқыланған болатын. Алайда ойындарға төрелік айтушы Халықаралық бенди федерациясының (FIB) техникалық делегаты Валерий Мозгов қар мен тұманға қарамастан кездесуді уақытында бастау туралы шешім шығарды. Ол сондай-ақ техникалық мамандарға қолайлы болуы үшін сайысты 30 минуттан 3 кезеңге бөліп өткізуді шешті.
Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан кездесу сәтті өтті. Қазақстандық Рауан Исалиев ойынның бірінші минутында-ақ қарсыластар қақпасына доп соқты. Жалпы, қорытынды бойынша бірінші кезең 9:0, екінші кезең 10:0, үшінші кезең 2:0 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Ойындар ертең де жалғасады. Онда Қазақстан құрамасы Моңғолия бендишілерімен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Моңғол құрамасы Қырғызстан бендишілерін 17:2 есебімен ойсырата ұтқан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 1954
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.