Алматы. 12 - қаңтар. Kazakhstan Today - Күндізгі сағат 11-де халықаралық әуежайда қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен алауды қарсы алу салтанатты шарасы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Хабар агенттігінің хабарлауынша, түстен кейін халықаралық шаңғы-трам-плин кешенінде алау эстафетасы басталады. Ол Алматының негізгі көшелерімен жүріп өтпек. Эстафетаның жалпы қашықтығы 10 шақырымнан асады, алауды 80 адам алып өтпек. Олардың ішінде 20-дан астам саяси және қоғам қайраткері, 30 спортшы мен жаттықтырушы, сондай-ақ, халық әрістері, журналистер және жастар да бар.
Қысқы Азия ойындары қаңтардың 30-ы мен ақпанның 6-сы аралығында Астана мен Алматы қалаларында өтеді. Ал, Азиада ойындарының алауы "Астана-Арена" стадионында жағылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 2332
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.