Алматы. 2 - ақпан. Kazakhstan Today - "Азиада аруы" байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматыда "Азиада аруы" сұлулық байқауының ақтық сыны өтті. Байқауға іріктеуден өткен 20 қыз қатысқан.
Байқау нәтижесі бойынша, Қазақстанда тұңғыш рет өткізілген "Азиада аруы" байқауының жеңімпазы болып Кұрманғазы атындағы Ұлттық университетінің 5-курс студенті Күміс Базарбаева танылды.
Болашақ опера әншісі Азиада тәжі мен бас демеуші "Chopard" фирмасының бриллиант тастары бар алтын сағаттың иесі болып танылды.
Ал байқаудың 1-аруы атағын талдықорғандық Айгерім Досполова жеңіп алды. Азиаданың 2-аруы болып оралдық Саида ?ділова атанды. ?ділқазылардың шешімі бойынша 3-ару атағы павлодарлық Роза Ахмедиеваға берілді. Ару атанған барлық жеңімпаздарға бас демеуші атынан сыйлықтар табысталды.
20 үміткерді еліміздің спорт, шоу-бизнес және сән әлемінің танымал тұлғалары таңдап, қазылық жасады. Шара барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Сонымен қатар дизайнер Кенже Девятко өз киім сән үлгілерін жұртшылық назарына ұсынды.
?ділқазылар алқасының мүшесі Нұрлан Абдуллиннің айтуынша, барлық финалистер жеңімпаз атануға лайық. "Дегенмен, байқау болғандықтан ең сұлу аруды анықтауымыз қажет болды. Бас жеңімпаз басқа қыздарға қарағанда ерекшеленді, сондықтан оны таңдадық",-деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 2337
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.