Алматы. 3 - желтоқсан. Kazakhstan Today - 2018 жылғы футболдан әлем чемпионаты Ресейде өтеді. Бұл туралы ФИФА президенті Зепп Блаттер жария етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасай отырып.
2018 жылғы әлем біріншілігін өткізуге Испания, Португалия, Бельгия, Голландия, Ресей мен Англия таласқан болатын.
Ал 2022 жылғы чемпионатты қабылдауға Австралия, Оңтүстік Корея, Жапония, Катар және АҚШ елдері үміткерлік танытқан. Бұл жолы сәттілік Катардың еншісіне бұйырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 1901
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.