Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
7 наурыз 2015
  • 21
  • :
  • 40
17:00

Парламент ҚР денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заӊнамасына енгізілетін өзгерістерді қабылдады06.03.2015
  • azh.kz
Государство  23:04
Астана. 6 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаттары "Қазақстан Республикасыныӊ денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

Аталған заӊ Мемлекет басшысыныӊ 2012 жылғы 10 шілдедегі "Қазақстанныӊ әлеуметтік жаӊғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еӊбек Қоғамына қарай 20 қадам" бағдарламалық мақаласында және 2012 жылғы желтоқсандағы "Қазақстан-2050 стратегиясы". Қалыптасқан мемлекеттіӊ жаӊа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді.

Заӊныӊ басты мақсаты: медициналық көмектіӊ сапасы мен қолжетімділігін арттыру, қолданыстағы заӊнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру болып табылады.

Заӊды әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе кеӊінен қолданылды. Клиникалық зерттеулерді құқықтық реттеу мақсатында денсаулық сақтау жүйесін нығайту жөніндегі Таллин хартиясыныӊ ережелері, инфекциялық емес аурулар және салауатты өмір салты туралы Мәскеу декларациясы, Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясыныӊ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ темекіге қарсы күрес жөніндегі Конвенциясы, дәрілік препараттарға қатысты Еуропа Парламенті мен Еуропалық Одақтыӊ директивалары пайдаланылды.

ҚР заӊнамасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар фармацевтикалық сектор, ағзалар мен тіндерді транпланттау, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаларды құқықтық реттеу, телемедициналық қызмет көрсету, ұлттық медицина дәрежесін және азаматтарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру мәселелерін реттеп, денсаулық сақтау жүйесініӊ қолжетімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Әр елде денсаулық сақтау саласын нормативтік реттеу шараларыныӊ өзіндік ерекшеліктері бар. Дегенмен, медициналық қызметтіӊ қолжетімділігі мен сапасын арттыру, әкімшілік шараларды оӊайлату, бюрократизмді азайту, медициналық көмек сапасыныӊ жаӊа өлшемдерін әзірлеу және науқастармен арада кері байланыс орнату қағидалары барлығына ортақ боп табылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі
Просмотров: 130

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.