Астана. 6 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық экономика министрлігі электр энергиясыныӊ тарифтерін төмендетуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі
Ведомствоныӊ баспасөз қызметінен хабарланғандай, ҚР ҰЭМ-ніӊ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетініӊ аймақтық департаменттері "KEGOC" АҚ, РЭК-тер, энергия таратушы ұйымдардыӊ электр энергиясыныӊ қазіргі тарифтері мен энергиямен қамтамасыз етуші ұйымдардыӊ бағаларын қайта қарастырып отыр, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.
Бағаны төмендету жұмысы 2 кезеӊмен жүргізілмек.
1-ші кезеӊде "Екібастұз МАЭС-1" ЖШС бағасыныӊ 1 кВт үшін 8,80 теӊгеден 8,65 теӊгеге дейін (қосымша құн салығынсыз) төмендетуі арқылы электр энергиясымен қамтамасыз етуші ұйымдардыӊ соӊғы бағасы төмендетіледі.
2-ші кезеӊде "KEGOC" АҚ, РЭК-тер, энергия таратушы ұйымдардыӊ тарифтері төмендетіледі.
Наурыз айында пайдаланылған электр энергиясы үшін түбіртектерде есеп төмендетілген тарифтермен жүргізілетіні күтіліп отыр.
Просмотров: 175
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.