Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
11 наурыз 2015
  • 20
  • :
  • 10
17:00

2015 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында лингвистикалық комиссияныӊ отырысы болды06.03.2015
Государство  22:59
Астана. 6 наурыз. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасыныӊ Президенттігіне кандидат Лимана Қойшиеваныӊ мемлекеттік тілді еркін меӊгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияныӊ отырысы болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Болған емтиханныӊ нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен Қазақстан Республикасыныӊ Президенттігіне кандидат Лимана Қойшиеваныӊ мемлекеттік тілді еркін меӊгергені туралы шешім қабылдады.

Қорытынды шешімді жариялай отырып, Қазақстан Республикасыныӊ Президенттігіне кандидаттыӊ мемлекеттік тілді еркін меӊгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияныӊ төрағасы Мырзатай Жолдасбеков: "Бүгін Президенттікке кандидат Лимана Қойшиева мемлекеттік тілді еркін меӊгергендігін анықтау рәсімінен өтті. Оныӊ тапсырмалары мынадай: "Қазақ халқыныӊ рухани құндылықтары" деген тақырыпта шығарма жазу, содан кейін Абайдыӊ "Қара сөздері" әдеби еӊбегінен көркем мәтінді оқу және соӊғы тапсырма - "Әлем және бейбітшілік" деген тақырыпта еркін әӊгімелесу болды. Тапсырмаларды кандидат жақсы деӊгейде орындады. Біз Лимана Қойшиева мемлекеттік тілді еркін меӊгерген деген қорытындыға келдік",- деп атап көрсетті.

Шешім лингвистикалық комиссияныӊ 2015 жылғы 6 наурыздағы № 4 хаттамасымен ресімделді.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ мүшесі Ләззат Сүлеймен қатысты.
Просмотров: 432

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.