Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
7 наурыз 2015
  • 21
  • :
  • 38
17:00

2015 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ отырысы болды06.03.2015
  • bnews.kz
Государство  23:03
Астана. 6 наурыз. Kazakhstan Today - 6 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ отырысы болды, онда өз кандидатураларын ұсынған төрт үміткерге - Бақыт Төлегенұлы Әбдікәрімовке, Сухраб Аминжанұлы Мырзашовқа, Асқар Жорабайұлы Сырғабаевқа және Сафиолла Қалабайұлы Алдажановқа олардыӊ Қазақстан Республикасыныӊ Конституциясында және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Конституциялық заӊында кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмеулеріне байланысты Қазақстан Республикасыныӊ Президенттігіне кандидаттар ретінде тіркеуден бас тарту туралы шешімдер қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

Аталған үміткерлерге қатысты жүргізілген тексерудіӊ нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мынаны анықтады:

Бақыт Төлегенұлы Әбдікәрімов ұсынған жеке куәлігіне және өмірбаяндық деректеріне сай 1977 жылғы 23 ақпанда туған және 2015 жылғы 6 наурыздағы жағдай бойынша қырық жасқа толмаған.

Сухраб Аминжанұлы Мырзашов ұсынған жеке куәлігіне және өмірбаяндық деректеріне сай 1984 жылғы 22 қыркүйекте туған және 2015 жылғы 6 наурыздағы жағдай бойынша қырық жасқа толмаған.

Асқар Жорабайұлы Сырғабаев Қазақстан Республикасыныӊ Президентттігіне кандидаттыӊ мемлекеттік тілді еркін меӊгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияныӊ 2015 жылғы 6 наурыздағы № 5 шешімі негізінде мемлекеттік тілді еркін меӊгермеген.

Сафиолла Қалабайұлы Алдажанов Қазақстан Республикасыныӊ Президентттігіне кандидаттыӊ мемлекеттік тілді еркін меӊгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияныӊ 2015 жылғы 6 наурыздағы № 5 шешімі негізінде мемлекеттік тілді еркін меӊгермеген.

Сондай-ақ 6 наурызда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасыныӊ Президентттігіне кандидат Лимана Қойшиеваны Қазақстан Республикасыныӊ Конституциясында және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Конституциялық заӊында кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкес деп белгілеу және оған кандидатурасын қолдап қол жинауы үшін қол қою парақтарын беру туралы қаулыларды қабылдады.
Просмотров: 188

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.