Астана. 6 наурыз. Kazakhstan Today - Кездесуге еліміздіӊ барлық өӊірлерінен келген, экономиканыӊ түрлі секторларында, мәдени-әлеуметтік салаларда және мемлекеттік қызметте істейтін әйел жұртыныӊ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі
Мемлекет басшысы оларды келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, Қазақстанныӊ барша әйелдер қауымына бақыт, денсаулық және бақ-береке тіледі. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік саясаттыӊ басым бағытыныӊ бірі әйелдердіӊ әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті.
- Тәуелсіздік жылдарында біз көп нәрсені еӊсердік. Қазір елімізде береке мен тыныштық орнады. "Қазақстан-2050" Стратегиясы, "Нұрлы жол" және басқа барлық бағдарламалар осыны көздейді. Әйелдер, отбасын сақтаушы ретінде бақ-берекені еӊ алдымен балаларынан, дастарқанынан сезінеді, сол арқылы мемлекеттіӊ қамқорлығын сезінеді", - деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы елдегі әйелдер қауымы өкілдерініӊ белсенділігі артып келе жатқанына тоқталды.
- Бүгінде мемлекеттік қызметтегі қызметкерлердіӊ басым бөлігін әйелдер құрайды. Денсаулық сақтау саласында олардыӊ үлесі 75 пайызға, білім беру саласында 65 пайызға дейін жетеді. Бизнестегі басшылардыӊ да 40 пайызы нәзік жанды арулар, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті туу деӊгейініӊ өсуі жалғасып келе жатқанына, тек былтырдыӊ өзінде дүниеге 400 мыӊ сәби келгеніне назар аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев биыл ел тәуелсіздігіне 24 жыл толатынын еске салды.
- Бұл уақыт қас қағымда өте шықты, себебі бәріміздіӊ назарымыз жұмыста болды. Бүгін соныӊ нәтижесін көріп отырмыз - біз құрған мемлекетті бүкіл әлем таниды, құрметтейді, - деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы елдегі тұрақтылықтыӊ арқасында экономикамыз қарқынды дамып келе жатқанын айтты.
- Бүгінде жер бетінде, БҰҰ мәліметі бойынша, 800 миллион адам аштықтан жапа шегуде. Жыл сайын азық тапшылығыныӊ кесірінен 6 миллион бала, 30 миллион ересек адам өледі. 400 миллион адам ауыз суға зәрулік зардабын тартады. Жыл сайын планетамызда 30 әскери қақтығыс болып, соныӊ салдарынан сағат сайын 40 адам қаза табады. Сондықтан, елдіӊ ішкі тұрақтылығын көздіӊ қарашығындай қорғауға тиіспіз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соӊында Мемлекет басшысы көп балалы аналарды - М.Аксиеваны Алтын алқамен және А.Жұмабаеваны Күміс алқамен марапаттады.
Кездесуге Мемлекеттік хатшы, Президенті жанындағы әйелдері ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияныӊ төрайымы Г.Әбдіқалықова, Парламент Мәжілісініӊ депутаты Г.Қарағұсова, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова, Парламент Мәжілісініӊ депутаты И.Аронова, Семей қаласыныӊ инновациялық гуманитарлық-заӊ университетініӊ ректоры Ш.Құрманбаева, "Қазақ аруы-2014" республикалық арулар байқауыныӊ жеӊімпазы Г.Жоланова, әртіс Б.Сүйіншәлина, "Астана Опера" МОБТ балет әртісі С.Суногава, теннисші З.Дияс, "Планета патшайымы-2014" атағыныӊ иегері А.Жұмабаева, бокстан әлем чемпионы Н.Қызайбай, "Қазақстан" РТРК балаларға арналған "Балапан" телеарнасыныӊ директоры Л.Сұлтанқызы, волейболшы С.Алтынбекова, танымал "Татьяналар триосыныӊ" қатысушылары Т.Бурмистрова, Т.Полтавская және Т.Мартыненко, "Turkvizion-2014" ІІ халықаралық ән конкурсыныӊ жеӊімпазы Ж.Доғалова, көп балалы ана М.Аксиева, Қазақстан жастарыныӊ арасында "жасыл бастамаларды" ілгерілету бастамашысы Т.Немцан, әскери қызметші Д.Рысбекова, профессор, Қазақстан инженерлік академиясыныӊ корреспондент-мүшесі Қ.Аққошқарова, "Astana Solar" фотоэлектрлік модульдер құрастыру зауытыныӊ технигі А.Тащанова, жеке кәсіпкер А.Құрмашова, Қостанай облысынан аудандық аурухананыӊ бас дәрігері Л.Финк, Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтыныӊ доценті Д.Сиваракша, "Астана Опера" МОБТ жетекші солисі С.Ахметова қатысты.
Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысына ана мен балаға қамқорлық жасауға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған саясат жүргізіп отырғаны үшін алғыстарын айтты. Сонымен қатар халықтыӊ және әрбір қазақстандық отбасыныӊ әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруды әрі қарай жалғастырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.
Просмотров: 185
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.