01.03.2013 15:52
"Съездің даму қарқыны форум беделінің арта түскенін, қазіргі заман туындатып отырған күрделі мәселелерге жауаптарды бірлесіп іздеу үдерістеріне оның ықпал-әсері күшейе түскенін көрсетеді. IV Съезге әлемнің 40 елінен 85 дегеция келіп, қатысқан болатын", деп мәлім етті Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы, ?лемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Қайрат Мәми.
27.02.2013 10:04
Қазақстан биыл Басқару комитетінің отырысына Еуразиялық бәсекелестікке қаблеттілік бағдарламасының Орталық-Азиялық Бастамасының тең төрағасы дәрежесінде тұңғыш рет қатысып отыр. ЭЫДҰ-ның Еуразиялық бәсекелестікке қаблеттілік бағдарламасы 2008 жылы іске қосылып, Шығыс Еуропа және Оңтүстік Кавказ елдеріне арналған Бастама және Орталық-Азиялық Бастама сияқты екі үлкен аймақтық Бастамаларды қамтиды.
25.02.2013 15:23
Сапар аясында екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған бас-аяғы 18 құжатқа қол қойылды. Олардың қатарында машина жасау, ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға қатысты жобалар да бар. Алдағы уақытта елімізде Беларустың астық кептіретін машинасы мен коммуналдық техникасы құрастырылатын болады.
25.02.2013 14:51
"26-ақпан, ертең, Алматы қаласында Иран ядролық бағдарламасы төңiрегiнде алтылық санатында өтетiн келiссөздердiң басталатынын хабарлаймын. Бұл келiссөздерге БҰҰ қауiпсiздiк кеңесiнiң тұрақты бес мемлекетi - Ресей, Қытай, АҚШ, Франция мен Ұлыбритания, сонымен қатар Иран Ислам Республикасы, Германия және Еуропалық одақ өкiлдерi қатысады", - дедi А.?бибуллаев.
21.02.2013 15:11
ШЫҰ елдерінің соттары Мәскеуде өтіп жатқан кеңесте сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін, сондай-ақ есірткі қылмыстарымен байланысты істердің қаралу тәжірибесін талқылауда, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19.02.2013 13:52
Сапар аясында Вице-премьердің басшылығымен Қазақстан делегациясы бірқатар жапон компанияларының өкілдерімен, атап айтсақ NEDO (Индустриялық технологияларды және жаңа энергияны дамыту ұйымы), JICA (Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Жапон агенттігі) және JAPC (Жапон атамдық энергетика компаниясы) ұйымдарының өкілдерімен кездесті.
19.02.2013 12:49
Қазақстан Қорғаныс министрі ?ділбек Жақсыбеков Италияның қорғаныс компанияларын 2014 жылы Астанада өтетін кезекті "KADEX" халықаралық қару-жарақ және әскери мүлік көрмесіне қатысуға шақырды.
18.02.2013 11:09
Италия Қорғаныс министрі адмирал Джампаоло Ди Паола 19 ақпанда Қазақстанға алғашқы сапармен келеді.
13.02.2013 11:56
Қазақстан мен Самоаның тұрақты өкілдері Нью-Йоркте екі ел арасында дипломатиялық байланыс орнату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
12.02.2013 16:49
Аталған меморандумға Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі ?сет Исекешев пен "Тойота Мотор Копорэйшн" аға басқарушысы, Тойота Мотор Европа президенті мен бас директоры Дидье Леруа қол қойды.
30.01.2013 11:37
Аталған құжаттың күшіне енуі Қазақстанның әуе кеңістігі және Ресейдің шекаралық аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізін құрайды, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
22.01.2013 14:47
Бүгін Астанада Трансшекаралық өзендер жөніндегі қазақстан-қытай бірлескен комиссиясының 10-шы отырысы өз жұмысын аяқтады, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
22.01.2013 13:39
"Борттық қондырғыда анықталған бірқатар ақауларға байланысты 2012 жылы ұшақ ресурсын қалпына келтірген Украинаның құқық қорғау органдарына биылғы жылдың 4 қаңтарында халықаралық тергеу тапсырмасы жолданды", - деп ресми өкіл бүгін Астанада қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
21.01.2013 10:11
ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар бағдарламасында Олий Мәжілісте, СІМ-де, Өзбекстан Республикасының бірқатар министрліктері мен ведомстволарында кездесулер мен келіссөздер қарастырылған.
16.01.2013 11:18
BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Швеция Корольдігінде дипломатиялық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының елшілігі ашылады. Қазақстан Республикасы Президентінің сәйкес Жарлығы бүгін ресми баспасөзде жарияланды.
15.01.2013 12:48
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Қайрат Омаров осы ел президенті Барак Обамаға сенім грамоталарын табыс етті.
27.12.2012 11:59
24-25 желтоқсанда Бейжің қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
27.12.2012 10:26
Кездесу барысында тараптар құқық қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың, соның ішінде ҚР және ҚХР арасындағы азаматтық және қылмыстық істері бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісімді (1993 ж. 14 қаңтар, Бейжің) орындауға қатысты қазіргі мәселелерді талқылады, сондай-ақ екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы осы бағыттағы ықпалдастықтың тетігін жетілдіру бойынша пікір алмасты.
24.12.2012 12:53
ШҚО ақпараттық орталығының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған делегация Корея Республикасына сапары барысында іскерлік орта өкілдерімен бірқатар келісімге қол жеткізді.
24.12.2012 10:25
ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы жылдары Қазақстан ел экономикасына тартылған инвестициялар көлемі бойынша өңірде көш бастап келеді. Бірақ та "Қазақстан-2050" жаңа стратегиясы қабылданғаннан бері инвестициялық көшбасшылықты сақтау мақсат емес. Мемлекет, бас топ-менеджер ретінде инвестициялық саясат қағидаларын өзгертуде.