Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
4 қыркүйек 2013
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
Пресс конференция
11:40
посвященная проведению третьего этапа кубка Казахстана по дрифту в евразийской дрифт-серии.
Aнонс

Қазақстан және Беларусь елдері ортақ кәсіпорын ашпақ25.02.2013
15:23
Астана. 25-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан және Беларусь елдері ортақ кәсіпорын ашпақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, жоба құны 7 миллион доллар. Мұндай шешім Павлодар облысы делегациясының Минскіге сапары барысында қабылданды.

Сапар аясында екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған бас-аяғы 18 құжатқа қол қойылды. Олардың қатарында машина жасау, ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға қатысты жобалар да бар. Алдағы уақытта елімізде Беларустың астық кептіретін машинасы мен коммуналдық техникасы құрастырылатын болады. Сонымен қатар, Қазақстаннан Беларусь еліне экспортталатын алюминий ауқымы артпақ. Минск облыстық атқарушы комитеті мен Павлодар облыстық делегациясының екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған шаралары бизнестің дамуына жаңа серпін береді,-дейді сала мамандары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 207

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.