Астана. 25-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Минск қаласында ҚР Премьер-Министрі С.Ахметовтің Беларусь Республикасына ресми сапары барысында болған қазақстан-беларусь келіссөздерінің қортындылары бойынша, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша бірқатар бірлескен құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
Атап айтқанда,
1.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі С.Н.Ахметов пен Беларусь Республикасы Премьер-Министрі М.В.Мясниковичтің келіссөздері қортындысы бойынша Хаттама;
2.Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметі арасындағы халықаралық автокөлік қатынастары туралы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама мен көрсетілген Келісімді орындау ережелері туралы Атқарушы хаттама;
3.Спорт және денешынықтыру саласындағы Қазақстан Республикасы спорт және денешынықтыру істері Агенттігі мен Беларусь Республикасы спорт және туризм Министрлігі арасындағы 2013-2014 жылдарға арналған ынтымақтастық Бағдарламасы;
4.Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің ғылым Комитеті мен Беларусь Республикасы ғылым және технологиялар жөніндегі Мемлекеттік комитеті арасындағы өзара түсіністік туралы Мемарандум;
5.Қазақстан Республикасы "Ғылым қоры" АҚ мен Беларусь республикалық іргелі зерттеулер қоры арасындағы ғылыми ынтымақтастық туралы Келісім;
6. Көкшетау қаласында қазақстан-беларусь бірлескен ауыл шаруашылығы мен коммуналдық техникалардың Индустриалдық-технологиялық паркын құру аясында бірлескен құрып-жинау өндірісін ұйымдастыру бойынша Келісім.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 1920
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.