Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
4 қыркүйек 2013
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
Пресс конференция
11:40
посвященная проведению третьего этапа кубка Казахстана по дрифту в евразийской дрифт-серии.
Aнонс

Бейжіңде ШЫҰ мүше-мемлекеттері ұлттық үйлестірушілерінің кеңесі өтті27.12.2012
11:59
Астана. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бейжіңде ШЫҰ мүше-мемлекеттері ұлттық үйлестірушілерінің кеңесі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

24-25 желтоқсанда Бейжің қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстандық делегацияны Шанхай ынтымақтастық ұйымы қызметі мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші, Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Шахрат Нұрышев басқарды.

2013 жылғы Қырғыз Республикасында өткізу жоспарланған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары кеңесінің отырысына, ШЫҰ Хатшылығы қызметкерлерінің кадрлық алмастырылуына және Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне, сондай-ақ Түрік Республикасына ШЫҰ-ның сұхбат бойынша әріптес мәртебесін беру туралы Меморандумға қол қоюға байланысты мәселелер талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 188

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.