Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
4 қыркүйек 2013
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
Пресс конференция
11:40
посвященная проведению третьего этапа кубка Казахстана по дрифту в евразийской дрифт-серии.
Aнонс

Сенат Төрағасы Қайрат Мәми Венада бірқатар кездесулер өткізді01.03.2013
15:52
Астана. 1-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Қайрат Мәми БҰҰ Өркениеттер Альянсінің 5-ші Жаһандық Форумының аясында Венада бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Австрия Республикасының Федералды Президенті Хайнц Фишермен, сондай-ақ Вице-канцлер-Австрияның Еуропалық және халықаралық істері бойынша министрі Михаел Шпинделеггермен кездесулер барысында өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, Қазақстан Президентінің 2012 жылғы қазан айында Венаға ресми сапары барысында қол жеткен уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды. БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсі жөніндегі қайта тағайындалған Жоғары өкілі Нассир Абдулазиз ал Нассермен кездесуде Альянс пен ?лемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Өркениеттер альянсі "Достар тобының" мүшесі ретінде Қазақстан оның халықаралық аренадағы қызметіне зор маңыз береді және мәдениетаралық, ұлтаралық және дінаралық қайшылықтарды еңсеруге ықпал ететін жобаларға тұтастай қолдау білдіреді, деп атап өтті Сенат Төрағасы. Венаға сапар аясында Қайрат Мәми Қазақстан-Австрия қоғамының мүшелері мен Австрияның қоғамдық-саяси, іскерлер ортасы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алдында сөз сөйледі. Сенат Спикері Қазақстанның қазіргі замандағы даму кезеңдері, "Қазақстан-2050" Стратегиясының негізгі бағыттары, Президент Нұрсұлтан ?бішұлы Назарбаевтың халықаралық бастамаларын ілгерілету туралы айтты. Қайрат Мәми қазақстандық экономиканы жаңғыртуға байланысты инвестициялық мүмкіндіктері, балама энергетиканы дамытудың келешегі және Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу туралы хабардар етті. Спикер австриялық мүдделі қауымды G-Global интернет бағдарламасы мен АТОМ жобасына белсенді қатысуға шақырды. Кездесу соңында Сенат Төрағасы жиналғандардың сауалдарына жауап берді. Шара аясында ?лемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 10 жылдығына арналған фотокөрме ашылды.

"Съездің даму қарқыны форум беделінің арта түскенін, қазіргі заман туындатып отырған күрделі мәселелерге жауаптарды бірлесіп іздеу үдерістеріне оның ықпал-әсері күшейе түскенін көрсетеді. IV Съезге әлемнің 40 елінен 85 дегеция келіп, қатысқан болатын", деп мәлім етті Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы, ?лемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Қайрат Мәми.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 216

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.