Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
4 қыркүйек 2013
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
Пресс конференция
11:40
посвященная проведению третьего этапа кубка Казахстана по дрифту в евразийской дрифт-серии.
Aнонс

ШЫҰ елдерінің Жоғарғы сот төрағалары келесі жылы Қазақстанда бас қосады21.02.2013
15:11
Астана. 21-ақпан. Kazakhstan Today - ШЫҰ елдерінің Жоғарғы сот төрағалары келесі жылы Қазақстанда бас қосады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ШЫҰ елдерінің соттары Мәскеуде өтіп жатқан кеңесте сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін, сондай-ақ есірткі қылмыстарымен байланысты істердің қаралу тәжірибесін талқылауда, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның атап өтуінше,. бұл күндері Мәскеуде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларының VIII кеңесі өтіп жатыр. Қазақстандық делегацияның жетекшісі, Жоғарғы соттың Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының төрағасы Еліс ?бдіқадыров өз сөзінде, есірткі қылмыстарымен байланысты істерді қарау кезіндегі ынтымақтастықты әрі қарай кеңейту және нығайту жөніндегі табанды субөңірлік шаралар қабылдайтын кездің жеткенін атап көрсетті.

"Есірткі қылмыстары проблемасы бір ғана мемлекеттің проблемасы болудан қалғалы қашан. Бұл мәселе бойынша біздің елдеріміздің сот инстанциялары арасында тығыз және кәсіби өзара іс-қимыл өте қажет", - деді Е.?бдіқадыров өз сөзінде.

"Қазақстанның Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қытай елдеріне қатысты транзиттік жағдайда екенін ескерсек, нашақорлық пен есірткі бизнесі Ортаазиялық өңірге жайылған трансшекаралық проблемаға айналып отыр", - деді ол.

ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің Жоғарғы сот төрағаларының келесі, тоғызыншы кеңесі 2014 жылы Қазақстанда өтпек.

Естеріңізге сала кетейік, ШЫҰ елдері Жоғарғы сот төрағаларының алғашқы кездесуі 2006 жылы Қытайда өткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 193

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.