Астана. 2 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Байқоңырдан "Протон-М" зымыраны ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Федеральдық ғарыш агенттігіне сілтеме жасай отырып.
"Бүгін мәскеу уақытымен сағат 04.53.50 (астана уақытымен 06.53.50) "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Протон-М" ракета тасымалдағышымен "Глонасс" ғарыш аппараты ұшырылды.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен ақпараттарына сүйенсек, ұшырылуға байланысты болуы мүмкін салдарды жою үшін, қыркүйектің 2-сі 04 сағат 54 минуттан 07.54-ке дейін ТЖМ-ның Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша департаменттерінің жеке құрылымдары мен апаттық-құтқару қызметтері жоғары дайындық режімінде болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 1912
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.