Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
17 тамыз 2015
  • 12
  • :
  • 47
17:00

ЭКСПО-2017 үздік эскиз-идеясының авторы 150 мың доллар жүлде алады14.08.2013
?ылым ж?не техника  14:02
Алматы. 14-тамыз. Kazakhstan Today - ЭКСПО-2017 көрме-кешені мен нышанының үздік эскиз-идеясының авторы 150 мың доллар көлеміндегі жүлдеге ие болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Байқауға қатысушылардың жұмыстарын белгілі экономист, АҚШ-тың экономикалық үрдістерді зерттеу қорының президенті Джереми Рифкин басшылық жасаған техникалық кеңес саралады. Кеңес құрамына орнықты даму және энергия тиімділігі саласындағы белгілі архитекторлар мен мамандар енді", - деп хабарлады "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 13 тамызда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрме-кешені мен нышанының эскиз-идеяларымен танысып шығып, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу Қазақстан үшін тарихи оқиғаға айналатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы бір ай ішінде байқау нәтижесін шығару және ЭКСПО-2017 көрме кешені үшін негіз бола алатын эскиз-идеяны анықтау жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 43812

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter