Қарағанды. 4-шілде. Kazakhstan Today - Қарағандыда полипропилен құбырларын шығару желісі іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
"ҚазПласт" ЖШС Қарағандыда гофрленген полипропилен құбырларын шығаруға арналған линияны іске қосты.
Өндірістің ашылуы рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдешев қатысты.
"Бүгінгі күнге дейін кәсіпорын тек ірі көлемдегі полиэтилен бұйымдарын шығаратын. Енді өндіріс кеңейіп отыр, кәсіпорын гофрленген полипропилен құбырларын шығармақ", деді облыс әкімі.
Жобаның құны 1,5 млрд теңге.
Жобалық қуаттылығы - жылына 5,2 мың тонна өнім. Линия Unicor, Krauss Maffei, IPM, LRS Planung & Technologie және басқа компаниялардың құралдарымен жарақтандырылған.
Өндіріс құрылысы өткен жылы басталған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 19592
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.