Астана. 27 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасымалдағышы бар "КА-САТ" ғарыш аппараты ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
ҚР ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, 2010 жылдың 27-желтоқсаны күні астана уақыты бойынша сағат 03.51 Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасымалдағышы бар "КА-САТ" ғарыш аппараты ұшырылды.
"Зымыранның ұшырылуы штаттық кестеге сәйкес өтті. Ұшырылымға байланысты болуы мүмкін салдарды жою үшін 27 желтоқсан күні 01 сағат 51 минуттан таңертеңгі сағат 04.51-ге дейін ҚР ТЖМ-ның Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттерінің құрамдары мен апаттық-құтқару күштері жоғары дайындық режимінде болды",- деп хабарлайды ТЖМ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 2273
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.