Алматы. 10 - маусым. Kazakhstan Today - "Союз ТМА-02М" Халықаралық ғарыш станциясымен түйісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кеме Халықаралық ғарыш станциясына жаңа экипаждың үш мүшесін жеткізді, олар станция бортында бірнеше ғылыми тәжірибе, оның ішінде адам сүйектерімен де тәжірибе жұмыстарын жүргізбек, деп хабарлады Utro.ru сайты.
Сәрсенбі күні "Байқоңырдан ұшқан, ал бүгін түнде Мәскеу уақыты бойынша 01.48-де автоматты режимде түйіскен ғарыш кемесі станцияға 29-шы экспедицияның мүшелерін: кеме командирі Сергей Волковты (Ресей), бортинженерлер Майкл Фоссум (АҚШ) мен Сатоши Фурукаваны (Жапония) жеткізді. Стансада қазір 28-ші экспедиция мүшелері - ресейлік ғарышкерлер Александр Самокутяев пен Андрей Борисенко, американдық астронавт Рональд Гаран жұмыс істеуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 2077
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.