Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
4 қыркүйек 2013
19º без осадков
днем 21º    ночью 11º
Пресс конференция
11:40
посвященная проведению третьего этапа кубка Казахстана по дрифту в евразийской дрифт-серии.
Aнонс

Бортында ғарышкерлері бар "Союз" ғарыш кемесі Қазақстан жеріне қонды22.11.2011
10:52
Қостанай. 22-қараша. Kazakhstan Today - Бортында ғарышкерлері бар "Союз" ғарыш кемесі Қазақстан жеріне қонды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Союз ТМА-02М" басқарылатын ғарыш кемесі Қазақстанда Арқалық қаласына жақын жерге қонған.

"Аппарат халықаралық ғарыш станциясынан Жерге ресейлік ғарышкер Сергей Волковты, американдық астронавт Майкл Фоссумды және жапониялық астронавт Сатоси Фурукаваны жеткізді", - делінген ақпаратта.

"Союз" ХҒС-тан 21 қарашада Мәскеу уақытымен сағат 3-те ажырады. 6:02-де аппарат атмосфераның тығыз қабаттарына кірді, ал тоғыз минут өткен соң оның парашюты ашылды. Кеме есептелген ауданға жақын жерге сағат 6:25-те қонды.

"Союздың" қараңғыда қонуының қауіпсіздігін Росавиацияның 12 Ми-8 тікұшақтары, Ан-24, Ан-26 және Ан-12 ұшақтары, алты іздестіру-эвакуациялық машинасы қамтамасыз етті.

Естеріңізге сала кетейік, ғарышкерлер Волков, Фурукава және Фоссум ХҒС-та 2011 жылдың 8 маусымынан бері жұмыс істеді. Бастапқыда олардың миссиясы 2011 жылдың 16 қарашасына дейін жалғасады деп жоспарланған, алайда "Прогресс М-12М" жүк кемесінің апатына байланысты экипажға станцияда тағы алты күн болуға тура келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 1690

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.