Байқоңыр. 10 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 16.22-де "Байқоңыр" ғарыш айлағының №31 алаңынан "Прогресс М-07М" жүк кемесі орнатылған "Союз-У" зымыраны Халықаралық ғарыш стансасына аттанды., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
"Ресейғарыш" және "Қазғарыш" агенттіктерінің жедел қызметтерінің хабарлауынша, ұшыру штаттық режимде өтті. Зымырантасымалдағыштың үшінші сатысы ажырағаннан кейін, "Прогресс М-07М" жүк кемесі Жердің жасанды серігінің орбитасына шығарылды.
Ұшу сапарларын басқару орталығының баллистикалық қызметінің нақтыланған мәліметтері бойынша, "Прогресс" Халықаралық ғарыш стансасымен қыркүйектің 12-сінде мәскеу уақыты бойынша сағат 15.58-де түйіседі деп жоспарлануда.
"Прогресс М-07М" жүк кемесі орбитаға 2,5 тоннадан астам жүк, атап айтқанда, отын, оттегі, су қорларын, ғарышкерлердің Жердегі туған-туыстарының сәлем-сауқаттарын, стансаның американдық сегментіне және ашық ғарышта жұмыс істеуге арналған жабдықтарды, сондай-ақ азық-түліктерді, медициналық жабдықтарды, киім-кешектерді, тазалық заттарын, стансаның ресейлік модульдарын жарақтауға арналған жабдықтарды жеткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 2188
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.