Астана. 24-сәуір. Kazakhstan Today - Байқоңырдан "ЯсСат-1Б" арабтық байланыс серігі бар "Протон-М" зымыран-тасымалдағышы ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
24 сәуірде мәскеу уақыты бойынша сағат 02.18-де "Байқоңыр" ғарыш айлағының 200-інші ұшыру кешенінен "Бриз-М" үдеткіш блогы (ҮБ) мен "ЯСат-1Б" (КА) коммунакациялық ғарыш аппараты бар "Протон-М" ғарыштық мақсаттағы зымыран ұшырылды, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
Ресей ғарыш агенттігінен хабарланғандай, ұшудың циклды бағдарламасына сәйкес, ұшырылудан кейін құрамында "Бриз-М" ҮБ және "ЯсСат-1Б" КА бар басты блок зымыран-тасымалдағыштың үшінші сатысынан штаттық түрде ажырады. Одан кейін ҮБ ғарыш аппаратын нысаналы орбитаға шығаруды жалғастырды.
Ғарыш аппараты зымыран тасымалдағыштан бүгін, сағат 11.30-да ажыратылады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Просмотров: 329
При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.
Авторские права на материалы агентства.